RSS лента

Тегін дəрі неге кешігеді?

  • 10.10.2022, 23:39,
  • 475
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«Тегін дəрі неге жоқ, неге кешігеді?» деп шулаған дімкəстар қай аймақта да аз емес, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ «АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ» ДЕГЕН ДАНАЛЫҒЫ ӨТЕ ОРЫНДЫ АЙТЫЛҒАН. БІРАҚ, АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ ПЕНДЕНІҢ ҚОЛЫНДА МА ЕКЕН?! ӘРИНЕ, ЖОҚ. БІРЕУ КӨЛІК АПАТЫНА ҰШЫРАП, АЙЛАП, ЖЫЛДАП БЕЙНЕТ КӨРСЕ, ЕНДІ БІРЕУ АЛЛА ЖІБЕРГЕН ДЕРТТЕН АЙЫҒА АЛМАЙДЫ. БӘРІНЕ ДЕ КҮТІМ, УАҚЫТЫЛЫ ЕМ ҚАЖЕТ.

 

Зейнеткер Қайса Əбілұлы өзінің біраздан қан қысымы дерті мен ауыратынын, сол үшін тегін дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етілгенін айтып мұң шақты. Əйткенмен, сол қажет дəрілері уақытында жеткізілмей, саулығы үшін жекеменшік дəріханалардан сатып алып отыр екен.

 

– Үлкейген адамның ағзасы əрі дімкəс, əрі əлсірегесін «күте тұрды» білмейді ғой. Дəрі-дəрмексіз отыра алмайтындықтан, өзіме қажет жиырма таблетканы, жаным үшін алты мың теңгеге сатып алып тұрдым. Денсаулық сақтау саласының мамандары тегін берілетін дəрінің мұнша кешігуін бірінен бірі көреді. Жеме-жемге келгенде біз қиналамыз, – дейді 89 жастағы Қайса қария.

 

Жасыратыны жоқ, бұл тек біздің облыста емес, бүкіл елімізде орын алған проблема. «Тегін дəрі неге жоқ, неге кешігеді?» деп шулаған дімкəстар қай аймақта да аз емес. Бұл мəселенің ушығып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеткені де белгілі. Президент аталған проблемаға Бас прокуратураның мықтап қарауын, қажет болса, тексеру жүргізуді тапсырды. Талапқа сəйкес тегін дəрі алушы өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға тіркеліп, диспансерлік есепте тұрады. Учаскелік дəрігеріне мезгілімен қаралады. Ал, дəрігер оның дертінің түріне қарай тегін дəріге рецепт жазып береді. Осылайша, емделуші тек бұйрықпен бекітілген дəрі-дəрмекті ғана тегін ала алады. Біз хабарласқан Атырау қалалық №4 емхананың директоры Еркін Сабыров өздерінде тегін дəрі-дəрмек алатын 6 мыңнан астам аурудың тіркелгенін айтты. «Кемшілік ханның қызында да болады» демекші, шалғайдағы ауыл емес, тегін берілетін дəрінің апталап кешігуі өздерінде де орын алатынын жасырмады.

 

– «Кісідегінің кілті аспанда» деген ғой. Біз қанша жұмыстансақ та, дəрі-дəрмектің кешігіп берілуі тыйылмай тұр. Өйткені, олар өзге өңірлерден жеткізіледі, – дейді директор.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, қазір облыста тегін берілетін дəрі-дəрмек қоры жеткілікті екен. Айтпақшы, газет шыққалы жатқанда, Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны Қайса Əбілұлымен хабарласып, жағдайын сұрадық.

 

– Тегін дəрілерімді алып отырмын, шырағым. Сау болыңдар!.. – деді қария.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости