Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану жағынан ортақ тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.
Оған қоса, Дархан Қуандықұлы TikTok желісіне қазақ тілін енгізуді ұсынды. Компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын айтты.
TikTok желісі министрлік құзіретіне қарасты салада белсенді пайдаланылып жатыр. Мәселен, Bala house, «Ел бірлігі» жобалары жақсы қаралым жинап үлгерді.
Тео Бертрам компания ойын-сауық бағытынан интеллектуалдық, мәдени-рухани контенттер жасауға басымдық беріп отырғанын, Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін айтты.
Қорытындыда Дархан Қыдырәлі Тео Бертрамды жуырда өтетін Astana Media Week және Central Asian Media Forumына шақырды. Компания өкілі ауқымды іс-шараға қатысуға ынталы екенін жеткізді.