Алматы облысының бір ауылында Лия есімді қара нәсілді «аппақ келін» тұрады. Ол өзін әлеуметтік желіде солай атайды екен. Бұл туралы «NewTimes.kz» агенттігі хабарлады.
Аппақ келіннін Tik-tok-нда 30 мыңнан астам оқырманы бар. Бұл желіде Лия келін міндеттерін қуана орындайтын видеоларын көп жариялайды: таң атпай ұйқыдан тұрып, ауланы сыпырып, шай қайнатады.
Лия орыс тілінде еркін сөйлейді. TikTok-тағы видеоға қарағанда оның қазақ тілін де үйреніп жатқанын аңғару қиын емес.
Лия Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылында тұрады. Ол жаңадан пісірілген бауырсақтарды, тіпті құрт жасағанды ұнатады.
Алайда оқырмандар оған тыныштық бермей ащы пікірлер жазуда.
«Қазақтың жігіттері өзге ұлт қыздарын алса тұқымын құртады. Ертен генетиқалық аурулар шығады енді», «Қазақ үшін Тайсонды қашан туасың?», «Мүмкін сен бірден сериал түсіресің», «Мүмкін сен жай ғана шымкенттік шығарсың?» дейді қолданушылар.
«Аппақ келінді» қолына қондырған қазақ жігіті туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ.