RSS лента

Қазақтар қазыдан суши жасай бастады (+видео)

  • 01.03.2021, 19:37,
  • 810
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Жастар қазыдан суши жасай отырып, қазақы дастарханды дүние жүзіне паш етуді мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.  


«Бірінші жасаған тамағым курица мен жұмыртқа болды. 15 жасымда 240 мың айлыққа аспаз болып жұмыс жасадым. Көптеген кухняны үйрендім. Арабский, кавказский, грузинский, воточный ды жасап, қазақшамен қосып 17 жасымда үлкен ресторанның шеф-поворы болдым.

 

Үш жылдың ішінде 600-ден астам тамақтың түрлерін үйрендім, қалғанын барлығы фантазиясына байланысты, сол үшін мені «Рататуй» деп атап кетті. Ешкім жеп көрмеген жапондық кухняны сушиға қазы жасап шығардым, семгамен манты жасадым. Оның ішінде семга болады. Тестасын икрамен жасадым, ал ішіндегі начинкасын семгамен жасадым, қойдың майымен қостым» дейді түрлі елдің асханасын толықтай меңгерген Рамазан Ахмет.

 

 

Ал Флинн Макгарри небәрі 10 жасында жүздеген тамақты үйренсе, 16 жасында Нью-Йорктың қақ ортасынан жеке мейрамханасын ашқан.

 

«Мен мейрамхананы жақсы көремін. Тіпті менің үйім сияқты. Өзімде дәл осы жерде жайлы сезінемін. Рахаттанамын» дейді ол.

 

Ал Гүлбану Әділбекқызы 14 жасында шеф-повордың көмекшісі болған. Бірнеше жыл қатарынан, шетелдің ең танымал астарын үйреніп, қазір ауыл келіндеріне дастарханды безендіруді үйретуде!

 

«Жалпы карантин бәрімізге қиын болды ғой. Отбасымызды қалай асыраймыз дегендей. Мен 15 жыл қатарынан асханада жүрмін. Супер келін болуға талпынбадым. Бірақ бәрі өздері солай атап кетті. Үйдегі балаларды да тәрбилеп, ауылдағы туған-туыстардың дастарханын безендіріп, бизнесті бірге ұстау оңай емес. Бірақ келін болған соң, бәрін үлгеруге тиіссің! Карантинде қол құсырып отырмай, шәкірттерімен онлайн байланысқа шығып, білгенімен бөліскен. Қазір шамамен 20 жуық шәкірті бар. Айына миллион теңге табыс табамын» дейді ол.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости