RSS лента

Жарапазан батыста неге айтылмайды? (+видео)

  • 25.04.2021, 05:01,
  • 918
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«Рамазан» сөзінен туған жарапазан дәстүрі де егемендік алған тұста елімізбен қайта қауышқан еді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Содан бері әр қазақтың өмірінде көрініс тауып келеді. Бір қызығы, бұл дәстүр Қазақстанның батыс өңірлерде кенже қалғаны байқалады. Бірақ, әлі де болса игі дәстүрді үзбей келе жатқан тұрғындар да жоқ қемес. Солардың бір бөлігі Атырау қаласы маңындағы Көкарна ауылында тұрады. Олардың көбісі – Өзбекстан, Түркіменстан секілді көршілес елдерден қоныс аударған қандастарымыз.

 

Ақсақал Өтеш Оңайбаевтың айтуына қарағанда, қыстан аман шыққан халық үшін жарапазан қуаныштың белгісі болып саналады.

 

– Жарапазан Ораза айында айтылып келеді. Бала мен бозбала бұл кезде тысқа шығып арнайы өлеңдер айтқан. Көп жағдайда, түркі әлемінің небір оқымыстылары жазып қалдырған мұраларға негізделген. Үлкендер жағы сауап болады деген ниетпен олардың қолына құрт, ірімшік, май мен шүберек ұстатқан, – дейді ол.


 

Ал, халық ауыз әдебиетіне үңілсек, бұл – дін мен салттан туған жыр. «Оралман-Жайық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құдабай Қаржауов сонау кеңестік кезеңнен кейінгі қиын-қыстау шақта жарапазан айтқан балаларға бидай ұнынан пісірілген таба нан таратылған екен.

 

«Әлі есімде, Оразаның басында, орта тұсында және соңында – әрқайсысында үш күннен жарапазан айтылушы еді. Бұл қасиетті айдың келгенін және жақсылық жасап қалу қажеттігін білдіретін. Сонымен бірге, жарапазан халықты бірлікке шақырады. ал, бірлік бар жерде тірлік бары белгілі жайт. Демек, аталған салттың қоғамға берер пайдасы зор» дейді ол.

 

Айта кетейік, ауыл арасына қатынайтын пойыздарда да жарапазан айтылатыны әлеуметтік желіде кең таралған. Оны сахна төрінде орындап жүрген өнер иелері де бар. Тіпті, ұялы телефон арқылы бірлік сұрап жарапазан айтатындар да табылып жүр. Бұл да болса тозығы жеткен дәстүрдің қазіргі заманға сай озып тұрғанын білдірсе керек.


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости