RSS лента

Марқұм Мәдинаның артынан кете барды...

  • 29.07.2021, 03:29,
  • 1 872
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атақты режиссер, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев 70 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қош айтысты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Болат Манашұлы Атабаев 1952 жылы 14 мамырда Талдықорған облысындағы Тентек ауылында дүниеге келген. Оппозициялық қозғалыстың белсенді мүшесі болған.

 

Ол алғаш рет режиссерлік қырымен Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында танылды.  1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, Б.Римованың «Қос мұнлық», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат», И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», Р.Мұқанованың «Қаралы сұлу» және тағы да басқа спектакльдерді қойды. 40-тан астам спектакль сахналап, қазақ, орыс тілдерінде бірнеше пьеса жазды.

 

Грузия, Италия мемлекеттерінде  тәжірибеден өтіп, Германияда білім алды. Оның режиссерлігімен қойылған қойылымдар Қазақстан, Ресей, Германия, Грузия, Түрікменстан мемлекеттерінде өткен халықаралық театр фестивальдерінде топ жарды. 

 

Болат Атабаев Неміс драма театрының және М.Әуезов атындағы қазақ театрының бас режиссері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.  Ол Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 2012 жылы Германия мен Қазақстан қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі үшін Гете медалімен марапатталды. 

 

2020 жылғы наурызда Болат Атабаевтың Германиядағы клиникада қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан ауыр халде жатқаны хабарланған еді. Оның артында марқұм әнші Мәдина Ералиевадан Арсен атты ұлы мен келіні және немерелері қалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости