Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен ақтық кезеңде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталды. КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы өз шешімін шығарды.
Нәтижесінде, Бас жүлдені павлодарлық ақын Рауан Қайдаров жеңіп алды. Ал, түркістандық Еркебұлан Қайназар бірінші, алматылық Рүстем Қайыртайұлы мен атыраулық Шалқарбай Ізбасаров екінші және семейлік Әсем Ережеқызы, түркістандық Алтынгүл Қасымбекова мен қызылордалық Нұрмат Мансұров үшінші орын иеленді.
Сондай-ақ, Махамбет ауданынан Серік Қойшығұлов, индерлік ақын Жәнібек Садыров және жылойлық Сырымбек Сәрсенбаевқа арнайы жүлделер табысталды.
Айта кетейік, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған екі күндік жыр додасында еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 24 ақын бақ сынаған болатын.