RSS лента

"Қазақтың барлық жерде туысы бар..."

  • 07.12.2021, 04:30,
  • 727
  • 0
  • Автор:

Жақында 70 жылдығын атап өткен ақын Жүрсін Ерманға құдасы — ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус бейне-құттықтау жолдаған еді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Желіде желдей ескен бұл жаңалық талайды таңқалдырды. «Жүрсін Ерман Тедрос Гебрейесуспен қалай құда болуы мүмкін?» деген сауалды саралағандар да, «Қазақ руханиятының қорғаны деген бұл кісінің мұнысы несі?» деп айтыс ұйымдастырушысын айыптағандар да табылды. Осыған қатысты Жүрсін Ерманның Nege.kz тілшісіне берген жауабын жариялап отырмыз.

 

«Құданың құттықтауынан кейін мені бәрі ағаш атқа мінзігіп жатыр екен. «Жайшылықта қазаққа ақыл айтады, өзінің жиенін шетелдікке беріпті» деген әңгіме айтылып жатқан көрінеді. Менің екі қызым бар. Кіші қызым Ардақ Алматыда тұрады. Соның Айдана деген қызы бар. Яғни, жиен немерем. Біз оны бала кезінен тіл үйрену үшін Жаңа Зеландияға мектепке бердік. Мектепті сол жақта бітіріп, Швейцариядағы қонақ үй бизнесі бойынша академияға оқуға түсті. Оны тамамдаған соң Испанияда бір жыл магистратурада оқыды. Біріккен ұлттар ұйымында жұмыс істеді. Сол жиенім төрт жыл бұрын ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Гебрейесустың үлкен баласы Оманмен танысып, соған тұрмысқа шықты. Күйеу бала – отбасында бес ұлдың үлкені. Олар құда түсіп, сырға тақты. Алматыда қазақи сән-салтанатпен той жасап, ұзаттық. Қазір Ния Ботагөз деген қызы бар. Бәрі Женевада атасымен бірге тұрады» дейді Жүкең.

 

24-25 қарашада ақынның туған жері Қарағанды облысында 70 жылдық мерейтойы өткен болатын. Эфиоптық құда аяқ астынан сессиялық отырысы шығып қалмағанда сол тойда құрметті қонақтардың бірі болар еді.

 

«Құдам Тедрос соңғы күнге дейін «тойға келем» деп жүрген. Аяқ астынан өткізетін сессиясы болып қалып, келе алмады. Содан кейін ғой бейне-құттықтау жолдап жатқаны. Қазақша киініп, қазақша сөйлеп тұр. Бірақ жұрт соны құтыртып жатыр» дейді ақын.

 

«Осы бәріне қызық болып көрініп отыр ғой. Бірақ мен тұрмысқа шыққан қызға не істей аламын? Жаңа айтқан кіші қызым Ардақтан туған Айдана және Айсана да Жаңа Зеландияда мектепте оқып, өз білімімен Швейцарияға оқуға түсті. Әйтпесе, атасы менің шетелде ақшаға оқытатын шамам жоқ қой. Айсана Қазақстанға келіп, осы жердің Суан руының азаматына күйеуге шықты. Екеуін де бір күнде ұзаттық» дейді Жүрсін Ерман. «Швейцарияға талай мәрте бардым. Бұрын да баратын едім. Күйеубалам да келіп тұрады. Мына құттықтаудан кейін ел шулап жатыр ғой. Жамандай беріңдер, көшеде жүрген біреуге тиген жоқ қой. Жақсы, тату-тәтті, бақытты отбасы. Құдам Тедрос үнемі хабарласып тұрады. Өз басым ризамын» дейді қазақ айтысының реформаторы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости