RSS лента

Қара нәсілді жігітке тиген қазақ қызы талқыға түсті

  • 14.10.2021, 14:33,
  • 5 632
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Атырау облысының Құлсары қаласында өткен ерекше ұзату тойды желі қолданушылары көп талқылады.

30 жастағы Зайда есімді бойжеткен қара нәсілді азаматпен бас қосып, ұзату тойын дүркіретіп өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Зайданың сырға салу рәсімі мен ұзату тойындағы суреттер желіде кеңінен таралды. Ол өз тойындағы суреттерді әлеуметтік желіге жүктеген.


«Қыздар, егер ұзату тойларың біздікі сияқты талқыланбайтын болса, күйеуге шықпай-ақ қойыңдар!», – деп жазды ол.


Желідегі мәліметке сүйенсек, Зайда Атырау облысында тұрады. «Теңіз» компаниясында жұмыс істейді. Жақында 30 жасқа толған.


Сондай-ақ, Зайда ағылшын тілінде таза сөйлейді. Ол әлеуметтік желі арқылы көпшілікті тіл үйренуге шақырған. Одан бөлек, Зайданың әнге де әуестігі бар. Музыкалық аспаптарда ойнайды. Сонымен қатар, саяхатқа да жиі шығып тұрады.


Ал Зайданың таңдауы түскен шетел азаматы нақты қай елден екені айтылмаған. Бір анығы – олар ұзатуда қазақтың барлық дәстүрлерін сақтаған. Мәселен, Зайданың енесі оның анасына қымбат тон кигізіп, ортада қамажай биледі. Яғни, киіт беруді ұмытпаған. Ал күйеу жігіт қыздың жеңгелеріне ақша ұстатып, би жарыста да барын салады.


Айта кетелік, Зайда желідегі стористе болашақ енесінің қамажай билеген сәтін де жариялады. Ұзату тойы мен сырға салуға жергілікті әншілер қатысқан, онда қазақтың барлық дәстүрі мен жоралғылары сақталған. Көпшілік оқырмандар Зайда мен оның сүйіктісіне бақыт тілеуде. Ал желі қолданушыларының кейбір бөлігі қазақ қызының шетелдік азаматпен бас қосуын құптамаған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости