RSS лента

«Disney»​ мультфильмдері қазақша "сөйлемек"...

  • 31.10.2021, 16:12,
  • 613
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Ұлттық интеллигенция еліміздің дамуында айрықша рольге ие. Өйткені, ұлттық интеллигенция бұған дейін ағартушылық қызмет арқылы жастарымызды, тұтас халқымызды алға жетелеп келді. Зиялы қауым өкілдерінің мұндай маңызды ролі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық датасы кезінде тіптен арта түседі» деді министр.

 

Министр қазіргідей ақпараттық тасқын дәуірінде бала санасына мультфильмдердің әсері жоғары екендігін айтты. Осы ретте елімізде ауқымды жұмыс атқарылуда. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты маңызды саланың бірі – танымал балалар арналарын қазақша «сөйлету». Ауқымды жобалар аясында «TiJi», «Disney»​ арналарының мультфильмдері қазақ тілдеріне аударылатын болады.

 

Аида Балаеваның айтуынша, мұндай жобалар балалар контенті алаңының мемлекеттік тілдегі сапалы материалдармен толығуына ықпал етеді.

 

«1 қазаннан бастап, Түркістан облысында шекаралық аймақта орналасқан 30 елдімекен «Шалқар» радиосына, Шығыс Қазақстан облысындағы екі шекаралық ауыл «Қазақ радиосына» қосылды. 2025 жылға дейінгі бекітілген ұлттық жоспарға сәйкес, республика бойынша 300 елдімекенге радио желісі жетеді. Желтоқсанның аяғында және қаңтар айының басында Жәңгір хан, Қаныш Сәтпаев, Роза Бағланова сынды тарихи тұлғалар туралы 6-7 фильм шығарылады. Жаңа жылда Дина Нұрпейісова, Ермек Серкебаев туралы фильмдер түсіріледі» деп толықтыра түсті министр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости