RSS лента

"Бүгінгі баспасөз қызметі мен әлжелінің мүмкіндігі" (+фото)

  • 25.04.2022, 14:30,
  • 1 021
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Осындай тақырыпта "Ақ жол" демократиялық партиясы баспасөз қызметкерлеріне арнап екі күндік семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Басқосу алаңы партияның жергілікті филиалдарында қызмет етіп жүрген баспасөз хатшыларына арналды. Білімі мен берері мол шараға  Turantimes.kz сайтының өкілі Амандық Сағынтайұлы да қатысып келді.

 

– Бір ерекшелігі, әдетте баспасөз қызметкерлерінің бастары қосыла бермейтін айтулы кездесуге партия төрағасы "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің жеке өзі де қатысты. Қатысып қана қоймай, өз ой-пікірін ортаға салып, алыстан ат арытып келген қонақтардың да ұсыныс-тілектерін сұрады, - дейді "Ақ жол" демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының аппарат жетекшісі Айсұлу Қондыбаева

 

Ал, Атырау облыстық филиалының баспасөз өкілі Амандық Абдол тағылымды шарадан мол тәжірибе жинап қайтқанын айтады.

 

— Партияның Ұлттық кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы, белгілі журналист Қайнар Олжай, партияның орталық аппарат басшысы Асылхан Төлепбергенұлы, шара ұйымдастырушыларының бірі Ғазиза Бақтиярқызы және smm-маман Дәулет Әждар бай тәжірибелерімен бөлісті. Сапалы медиаконтентпен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін айтты. Әсіресе, шынайы және жалған ақпараттың аражігін ажырату оңайға соқпаған қазіргі уақытта бұл дәрістердің пайдасы мол, мәні зор. Ал, партия төрағасының арнайы алтындай қымбат уақытын арнап, құнды бастамаларымен бөліскені бізге жасалып жатқан жұмысты одан әрі жандандыруға шалқар шабыт сыйлады. Бұл үшін ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтқым келеді, - дейді партияның Атырау облыстық филиалының баспасөз өкілі Амандық Абдол.

 

Семинардан бөлек, партияның Алматы қалалық филиалы "ақжолдық" баспасөз хатшыларын "Шымбұлақ" тау-шаңғылық курортына апарып, Алма-арасан шипажайында ауызашар берді.

 

Айта кеткен жөн, игі дәстүрге айналған мұндай маңызды басқосулар алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сендірді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости