RSS лента

Іш киіміне ұялы телефон жасырған

  • 24.05.2021, 11:12,
  • 547
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚАЖД баспасөз қызметі

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/9 (ерлерді түзету колониясы) мекемесіне келген техникалық қызметкер ұялы телефонды іш киіміне жасырып кіргізбек болған. Ол рентген аппараты арқылы анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«ЖШС қызметкері УГ-157/9 мекемесіне техникалық қызметтерді көрсету үшін келді. Алайда оны рентген аппараты арқылы тексерген кезде іш киімінен SAMSUNG ұялы телефоны мен sim-карта табылды. Сондай-ақ, оның құрал-саймандар салынған сөмкесінің түбіне жасырылған ұялы телефон мен 2 пакетке салынған насыбай табылды. Іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді» деп хабарлады УГ-157/9 режим бөлімінің бастығы Ғалымжан Қазыбай.

 

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі, мекемеге келген келушілер міндетті түрде бірінше арнайы рентген аппараты арқылы өтіп, екінші қызметкер арқылы тексерілетіндігін атап өтті.

 

«Тек қана келушілер ғана емес, олардың сөмкелері мен жеке заттары да рентген аппараты арқылы тексерістен өтеді. Осылайша мекеме аумағына заңсыз сәлемделердің кіруінің жолы кесіледі. Сонымен қатар мекеме периметрін қоршай «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылып, осыған дейін бірнеше рет құқықбұзушылық фактілері анықталып, кінәлілер ұсталған болатын» деп мәлімдеді ҚАЖД баспасөз-қызметі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости