– Күн өткен сайын Атырау қаласының көрікті жерлері көбейіп келеді. Бүгінгі таңда саябақтар, жағалаулар мен аллеялар халықтың көңілінен шығар демалыс орындарына айналып отыр. Ал, оның тазалығы – әр келушінің адами қасиетімен тікелей ұштасып жатқаны белгілі.
⠀
Аталған серуен орындарын таза ұстау мақсатында «Арнаулыавтобаза» ЖШС пластмасса бөтелкелерге арналған жаңа пішіндегі тор жәшіктерді орнатты. Әзірге бөтелке пішінді қоқыс жәшіктері Исатай-Махамбет алаңы мен жағалауға қойылған. Мекеме өкілдері алдағы уақытта бұлардың санын көбейтуді жоспарлап отыр.
⠀
Ендеше, «Атырау – таза қала!» ұранын бір сәт естен естен шығармай, сүйікті қаламызды тазалығына бірге атсалысайық, жерлестер! – деп жазды ол.