Жасыратыны жоқ, бүгінде Атырауда медициналық ахуал өте күрделі болып отыр.
«Ерекше дабыл қағарлығы – қазіргі уақытта арамызда КВИ клиникалық белгілері бола тұра, тест нәтижесі теріс көрсетіп жатқан науқастар көбейіп отыр. Бұдан бөлек, ӨЖЖ аппаратын алу, қосымша зертхана ашу мәселелері де өткір тұр» деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Ең алдымен, облыстық аурухана жанынан 50 орындық провизорлық стационар ашылады. Онда КВИ-ге алынған тест нəтижесі теріс көрсеткендер бақыланады. Жетіспей жатқан ӨЖЖ аппараттары демеушілер көмегімен жуырда алынады деп сендірді мамандар.
«Сонымен бірге, ТШО мен «Каспиан медикал» клиникасымен келісе отырып, КВИ-ге сынама алу үшін қосымша зертхана жұмысы жасақталғанын атап өткеніміз жөн» дейді әкім орынбасары.