Бұл туралы төтенше жағдайды қамтамасыз етудің шұғыл штабы хабарлады. Атырау облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың сөзінше, тұрғындарды жедел және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп алдыңғы шепте жүрген журналистерден сынама алынады. Бұл – аталған штабтың шешімі.