RSS лента

Екпе таңдауға ерік берілмейді

  • 20.05.2021, 11:05,
  • 411
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Президент Родриго Дутерте Филиппин тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға тыйым салды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері жарыса жазуда. 


«Барлық вакцина тиімді. Ешқандай кемсіту болмайды. Вакцинаны таңдай алмайсыз, себебі бәрі бірдей» деді Филиппин президенті.

 

Оның сөзінше, ел тұрғындарының көбі Pfizer және Moderna вакцинасын күтіп жүр. Президент үкімет ешкімді әлеуметтік статусына байланысты бөлмейтінін, бұл мәселеде бәріне бірдей қарайтынын айтты.

 

Айта кетейік, Филиппинде «Moderna», ресейлік «Спутник V», сондай-ақ, «Pfizer», «AstraZeneca», қытайлық «Sinovac» және үндістандық «Bharat Biotech» және «Janssen» вакцинасын қолдануға рұқсат берілген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости