RSS лента

Бөгет қапшықтарын ұрлап жүрген кім?

Автор фото: ашық дереккөз

Жайық жағасында қапшықтар жоғала бастады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау тұрғындары, соның ішінде жаға бекіту жұмыстарына жұмылған мұғалімдер жағалауға салынған бөгет қапшықтарын біреулердің қолды қылып жүргенін байқаған. Ал, кейбір жеке тұрғын үйлер, әсіресе, әр коттедж ғимаратының алдында қапшықтан қоршау пайда болған. Мұндай көрініс тұрғындардың күдігін туғызуда.

 

«Мұндай деректер бар екені полицияға аян. Бірақ әзірге ешкім арыз жаза қоймады. Тек жаға бекітуші азаматтар тарапынан күзет қою қажеттігі жөнінде ұсыныс түсті» дейді облыстық полиция департаментінде.

 

Полицейлердің болжамынша бәзбіреулер түнгі мезгілде жағалауға жақын орналасқан үйлерге қапшық тасиды. Жағада тіпті жеңіл көліктің іздері сайрап жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости