Сай бойында 6 су өткізгіш құбыры салынған. Алайда, қатты қарқынмен жүріп жатқан су құбырлардан өтіп үлгере алмай жол үстімен ағуда. Қазіргі таңда, үйлер мен қора жайларды судан аман сақтап қалу мақсатында, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппараты іске кірісіп, 2 погрузчик, 1 Гидромек трактор, 1 КАМАЗ, 15 адам жұмылдырылды.
Дәл қазіргі уақытта үйлерге су кіру қаупі жоқ.
Сағыз ауылдық округіне қарасты Кенбай елді мекені ішінен өтіп жатқан сай жүріп кетіп, 2 тұрғын үйге қауіп төндірді. Оған «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасынан 1 погрузчик жіберіліп, түнгі сағат 04:30- да аталған тұрғын үйлердің айналасына бөгет салынды. Сөйтіп, қауіп сейілді.
9 ақпан күні Ноғайты өзені еріген қар суынан көтеріле бастады. Өзен арнасының тереңдегі шамамен 3,0 метр, су деңгейі өзен арнасының табанынан 1,0 метрде ағып жатыр.
Сонымен қатар, Сағыз ауылында су кіру қаупі бар үйлердің айналасына бөгет салынып, суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 1 погрузчик, 1 гидромик, 2 Камаз ваккум, 60 адам жұмылдырылды.
Мұқыр ауылдық округіне қарасты Жантерек елді мекеніндегі мектептің шарбағының ішімен еріген қар су жүріп жатыр. Әзірге мектепке қауіп жоқ. Сабақ онлайн өткізілуде.
Миялы ауылындағы көшелерде қар шығару және су сору жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда, 2 погрузчик, 1 гидромик, 2 ваккум, 2 автогрейдер, 3 камаз (самаосовал), 20 адам жұмылдырылып, 5 мотопомпа қойылды. Қосымша 7 мотопомпа дайын тұр.