Бөгет Янцзы өзенінің бойында орналасқан және әлемдік гидроэнергетика тарихындағы ең қымбаты саналады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады. Су деңгейі қазірдің өзінде сыни белгіден жоғары көтерілген. Спутниктік суреттерден құрылымның деформациясын көруге болады. Бұған толассыз жауған жаңбыр себеп.
Айта кетсек, биыл Қытайда соңғы 140 жылдағы рекордтық жауын-шашын түскен. Соның салдарынан 15 адам су тасқынының құрбаны болды. Бөгет құласа, 400 миллионнан астам адам зардап шегеді.