5-6 ақпан күндері толассыз жауған жауын-шашын салдарынан қала аумағындағы жолдар мен көшелерде, жеке тұрғын үй секторларында судың көптеп жиналуы орын алды. Тазарту жұмыстарына жұмылдырылған 40-қа жуық арнайы техника бірінші кезекте қаладағы әлеуметтік нысандар мен ірі көлемде су жиналған көше бойларын судан тазартты. 6 ақпан күні 2450 текше метр су алынды.
7-8 ақпан күндері жаңбыр мен еріген қар суын тазалау жумыстарына 40 вакуум техникасы жұмылдырылып, тазаланған су көлемі түнгі кезекті қоса алғанда 4640 текше метрді құрады.Тазарту жұмыстарының басы-қасында қала әкімі Шәкір Кейін жүріп, жағдайы жіті бақылауында ұстады.
4 тәулікте жауын-шашын мөлшері 18 мм жетті. Бұл айлық көрсеткіштен 1,5 есе жоғары.
Қазіргі таңда жауын суларынан қаланың басты Қ.Сатпаев, И.Тайманов, Азаттық, М.Әуезов, Қ.Ахмедьяров, Ә.Молдағулова, Б.Кұлманов, С.Датов, А.Пушкин, Л.Владимирский, Ж.Досмухамедов және т.б. көшелермен қатар, Авангард, Жұмыскер, Сарықамыс, Рембаза, Мирас, Еткомбинаты аумағы, Алмагүл ш/а, СМП-136/163 шағынаудандары судан тазартылды.
6-8 ақпан аралығында 109 бірыңғай байланыс орталығында судан тазалау бойынша 139 мекен-жайдан 1827 қоңырау қабылданды.
Қазіргі уақытта шеткі ықшамаудандарды жауын суынан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнмен қоса санағанда, 8000 текше метрден астам су сорылды.
Басты фото: иллюстратив