RSS лента

Қазақстанға аяз келе жатыр...

  • 15.11.2022, 02:17,
  • 704
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуы болжануда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

“Қазгидромет” мәліметіне сүйенсек, 15-17 қараша аралығында жауын-шашын мөлшері азайып, күн суытады. бірақ, атлантикалық циклон әсерінен елдің солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде. Сондай-ақ, бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін жетуі ықтимал. 

 

"15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында жылдамдығы 30 м/с асатын жел күтіледі. Аптаның соңында солтүстік-батыс антициклонының еніп, жауын-шашынның тоқтайды және температура төмендейді деп күтіледі. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 градус аязға дейін, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 2-10 градус аяз, таулы аймақтарда 10-15 градусқа дейін аяз болжанады" делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости