Атап айтқанда, Кудряшов, Құрманғазы, Бөкейхан, Сафон және Дыңғызыл ауылдарында әлеуметтік нысандар, жолдар мен үй аулалары су астында қалды. Осыған орай, аудандық әкімдікте шұғыл арнайы комиссия құрылды. Ең алдымен балабақша, мектеп, аурухана, дүкендер мен базарлардың айналасы судан тазартылды.
«Әкімдікке көптеген шағым келіп түсті. Бірінші кезекте су басу қаупі бар орталық көшелер мен жеке үйлердің аулаларына мән берілуде. Қазір жағдай бір қалыпқа түсті. Тек Құрманғазы ауылдық округінде ғана тиісті жұмыстар жалғасуда. Онда екі вакуум көлігі мен алты адам жұмылдырылып, 160 текше метр су сорылды» делінген хабарламада.