Бүгін әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға орай, Құрманғазы ауданы Хиуаз аулында орналасқан су айдынында мамандар жаппай шабақ қырылу қаупінің алдын алуда.
Аталған жерге Жайық-Каспий облысаралық бассейндік және Құрманғазы аудандық балық шаруашылығы инспекциялары мен жергілікті атқарушы орган уәкілдерінен арнайы топ құрылды. Олар аталған су айдынына барып, мәселенің мән-жайын анықтауда.
Сонымен қатар, арнайы бекітілген алгоритм бойынша аудандағы табиғат пайдаланушылар балық қырылу қаупінің алдын алуға жұмылдырылуда. Сәйкесінше, құтқару жұмыстары жүргізілетін болады.