Бейнежазбада автор Атырау-ҚҰрманғазы тасжолында келе жатқанын айтады. Бейнежазбадан жолайырқ белгісінің қисық төселгенін көруге болады. «Мұны мас адам жасаған ба?» дейді автор.
Мамандардан білгеніміздей, Құрманғазы ауданы бойынша тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға арнап «Құрманғазы ауылы Шипажай ықшам ауданына инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым (газ, су, электр желісі, жол) жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.
Ал, бейнежазбадағы бұл – құрылыс жұмыстары аяқталмаған автокөлік жолы. Мердігер мекеме – «Қарағанды жолдары» ЖШС. Аталған жұмыстар тапсырыс беруші тарапынан әлі қабылданған жоқ. Жұмыстар толықтай аяқталғасын, мердігер мекеме тарапынан қалыпқа келтіріліп, талаптарға сәйкес қабылданады.