Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 584 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 350 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 73 науқас анықталды. Ал, 43 – Жылыой ауданында, 20 – Индер ауданында, 10 – Исатай ауданында, 30 – Қызылқоға ауданында, 15 – Құрманғазы ауданында, 15 – Мақат ауданында, 15 науқас – Махамбет ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 330 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 254 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 44 адам емделді.
Қазір 2919 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 46, модульдік ауруханада – 159, фтизиопульманологиялық орталықта – 23 адам, аудандық инфекциялық стационарларда – 48.