Оның ішінде жаңадан бой көтерген «Балауса» және былтыр жол қатынасы жыр болған «Зарослый» елді мекені де бар. Жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Қала іргесінен бой көтерген «Балауса» ықшам ауданы дербес ауыл деуге толық негіз бар. 8 мыңға тарта тұрғыны бар елді мекеннің басты проблемасы – жол жоқ. Сол себепті автобус тасымалы да реттелмей келген еді. Биыл балаусалықтардың табанды талабы арқасында жол құрылысы басталды.
Ермек Мусин, мердігер мекеменің өкілі: - 12 шақырым «Балаусада» төселді, асфальт. Сонымен қатар жаяу жүргінші жолдары да қарастырылған. Олар да салынып жатыр. Айдың аяғына дейін бітеді. Содан соң біз «Еркінқала-2» мөлтек ауданына көшеміз.
Бүгінде 6 учаскеде жұмыс жүргізіп жатқан жолшылар құрылыс сапасын міндеттеріне алған. Өйткені мердігер мекеме салған жолдарына 3 жыл кепілдік береді. Сондықтан жолшылар жобадан ауытқымауға тырысады.
- Асфальттың сапасына келетін болсақ, асфальт – 8 см, онан кейінгісі қазір 5 см төселіп жатыр. Жолдың ені бізде жоба бойынша әртүрлі, осы жолда – 6 метр. Тротуар – 1 метр, - дейді жол инженері Сағидолла Жылқышиев.
Бүгінде қала бойынша 6 елді мекенде жол құрылысы жүріп жатыр. Былтыр жолға қажетті инертті материалдардың жетімсіздігінен 2 елді мекенге жол салынбай қалған еді. Соның бірі «Зарослый» ауылы толықтай асфальттанып, қаламен қатынас толық қалпына келді. Биыл жоспарға енген ауылдарда жұмыс қарқынды.
- «Еркінқала-2», «Еркінқала», «Балауса» ықшам аудандары «Бірлік», «Томарлы», «Алмалы» деген ауылдарға тасжол төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді қалалық ТҮКШ техникалық секторының бас маманы Нұрбол Жанпейісов.
Сонымен қатар қала ішіндегі орталық көшелерде қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атырау қаласы бойынша биыл 108 шақырым жол тыңнан төселеді. Сондай-ақ қалаішілік және кіреберіс айналма жолдарда 20 мың шашы метр асфальт ауыстырылуы тиіс.