24 қыркүйек күні Сүйіндік ауылдық округінің шығыс-оңтүстік беткейіне қарай 3 шақырым шамасында белгісіз зымыран табылды. Оны сағат күндізгі екі шамасында қой бағып жүрген тұрғын байқаған екен.
Округ әкімі Данияр Сабировқа хабарласқанымызда, ол қазір тінту жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
«Бұл туралы құзырлы органдарға хабарланды. Тәртіп сақшыларынан күзет қойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да тиісті құрылым өкілдері жұмылдырылды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен адамдар жоқ» деді ол.