Мекеме директоры философия ғылымдарының докторы дәрежесін жалған иемденіп, сол үшін 2 миллион теңгені қалтасына басқан. Тексеру барысында дипломының түпнұсқасы жоқ болып шыққан. Ал сол мекеменің бухгалтері жөндеу жұмыстарына бөлінген 225 миллион теңгені ешбір негізсіз өзінің жеке кәсіпкерлік шотына аударып алған. Қазір экономикалық тергеу департаменті тергеуді бастады.