RSS лента

310 млн теңге сомасын құраған цифрлық активтердің заңсыз айналымы тоқтатылды

  • 13.06.2023, 12:43,
  • 397
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен цифрлық активтердің айналымы саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет тоқтатылды, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Агенттіктің хабарлауынша, Алматы қаласының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында криптовалюта айырбастаумен айналысып, сол арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз айналымға түсіріп, ірі көлемде кіріс алған.


Тергеу барысында интернет-ресурс тіркеусіз және қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясыз түрлі криптовалюталарды сатып алу-сату қызметтерін көрсеткені анықталған. 


«Binanсe» крипто-әмиянына түскен қаражат көлемі 693 мың долларды немесе шамамен 310 миллион теңгені құрады, ал 2020-2021 жылдардағы жеке кәсіптің жалпы жылдық кірісі 94 млн теңгеге жуық соманы құрады.


Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости