RSS лента

«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар тергеу астында

  • 30.05.2023, 11:27,
  • 456
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

«TikTok» желісінде құмар ойындар заңсыз таратылуда, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Агенттіктің айтуынша, негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады.


Желілік талдау нәтижесінде онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықталған. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың заңсыз әрекеттері, ҚР ҚҚ 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.


Қазірдің өзінде сотталғандар бар.Мәселен, «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.


Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот «TikTok» желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда.


Агенттік азаматтарды қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауды сұрады, әрі бұл заңға қайшы екенін ескерді. Сондай-ақ, ата-аналардан баланың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аударуын сұрады. 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости