RSS лента

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабыла ма?

  • 06.03.2024, 11:10,
  • 136
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: ХҚКО баспасөз қызметі

8 наурызды мерекелеуге байланысты бұл күні Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Наурыз мерекесінде, яғни 21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

 

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші орталықтардың мекен-жайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости