RSS лента

Карантин кімдерге жеңілдетілмек?

  • 27.08.2021, 03:01,
  • 996
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «Ashyq» жобасын енгізу туралы №37 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жаңа қаулы тармақтарының бірі «Ashyq» жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін карантиндік шектеулерді жеңілдету шараларына қатысты. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап:

 

— демалыс күндері — «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне — сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына — сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар) жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

 

— сенбі күні — қоғамдық көлікке рұқсат беріледі;

 

— Алматы қаласын қоспағанда, 30 тамыздан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) сағат 22.00 — ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзарту.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости