9 тамыздан бастап стационарларының 70%-і толған өңірлер енді «қоңыр-қызыл аймаққа» енеді. Ал, «Ashyq» көшбасшылары» деген мәртебесі бар нысандар түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істейді. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойған Қаулыда жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де нысандардың қызметіне түнгі сағат 10-ға дейін рұқсат етілген. Ал екінші тамыздан бастап қоңыр-қызыл аймақтағы кәсіпорындар мен ұйымдар демалыс күндері жабық болады.
Алайда әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары, дәріхана, азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.