Келер айда қазақстандықтарды бірден екі ресми мереке — 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз – Әз-Наурыз мейрамы күтіп тұр.
Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар үш күн демалады — 6, 7 және 8 наурыз.
Биылғы жылы 8 наурыз сейсенбіге сәйкес келетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні болады да, ал дүйсенбі 7 наурыз демалыс күні болады.
Ал Наурыз мейрамы 21-23 күндері аралығында тойланады, сонымен бірге 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Осы себептен наурыз айында қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 күндері демалатын болады.