Шетелдіктің жұмысқа орналасу мақсатында Қазақстан аумағына келгені алдын ала анықталды, алайда, басты мақсаты есірткіні тек Ақмола өңірінің аумағында ғана емес, көрші облыстарда да тарату болған.
Ұстау кезінде жедел қызметкерлер дилерден салмағы 965 грамнан асатын кірпіш түріндегі целлофан пакетін тауып, тәркіледі.
Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат гашиш есірткі құралы болып шықты, ал мұндай “кірпіштің” құны – 3 млн теңгеден асады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезеңінде есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.