RSS лента

Атырауда 2 күдіктіден 300-ге жуық есірткі дозасы тәркіленген

  • 25.01.2024, 11:40,
  • 224
  • 0
  • Автор:
Автор фото: iz.ru

Күдікке ілінген 25 пен 22 жастағы Астана қаласының және Павлодар облысының тұрғындары анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Cинтетикалық есірткіні жасыру әдісі (закладка) арқылы сатумен айналысқан күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде 1 дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленген.


Сараптама қорытындысына сәйкес 1 дана орама заттың ішінде құны 5 млн теңге болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды.


Тексеру жұмыстары кезінде күдікті қыздардың Атырау қаласына 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды.


Қазіргі уакытта күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости