RSS лента

Таразда «Чели апай» ұсталды

  • 20.12.2023, 14:21,
  • 184
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com

Жамбыл облысында кезекті есірткі арнасы жойылды, деп хабарлайды Turantimes.kz облыс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел қызметкерлер аса ірі көлемде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстаған. 

 

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісті сұр-қоңыр түсті заты бар екі сіріңке қорабы табылып, тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат жалпы салмағы 5,45 грамм – шамамен 60 доза «героин» есірткісі болып шыққан. 

 

Арнайы операция нәтижесінде ұсталған әйел – «Чели апай» бүркеншік атымен бұрын героин сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған. Ол құрықтау кезінде осындай қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын соңына дейін өтеп үлгермеген. Осыдан бір жыл бұрын жедел уәкілдер оның 41 жастағы қызын есірткі саудасы саласындағы қылмыстары үшін «Мака» бүркеншік атымен құрықтаған. 

 

- 63 жастағы тұрғын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына, қызы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқанына қарамастан, заңсыз жолмен алынған табыстан бас тартпаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір уақытта есірткі жеткізу арнасын анықтау бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости