RSS лента

Астанада синтетикалық есірткі жеткізудің ірі арнасы жойылды

  • 09.01.2024, 10:56,
  • 273
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткілерді жеткізудің ірі арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Департаменттің мәліметінше, 6 қаңтарда Астана қаласында логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталған. Одан автокөлікті тінту кезінде 4,8 кг мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электронды таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленген.


Бір мезгілде Алматы қаласында есірткі жөнелтуші құрықталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар 5 пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 млн теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленген. 


ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайыновтың айтуынша, аталеған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости