RSS лента

Астаналық дәмхананың бірінде келушілерге есірткі ұсынған

  • 20.02.2024, 16:08,
  • 149
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com

Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан; деп хабарлайды Turantimes.kz Polisia.kz сілтеме жасап. 

“Тосқауыл” ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости