Тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар 7 орама ұнтақ тәрізді консистенция алынған. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 74,3 грамм «мефедрон», 23,1 грамм «гашиш» және 17,4 грамм «ЛСД» есірткісі екені анықталды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті келіншек Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.