Басқарма мәліметінше, ақпан айының басында сотқа дейінгі тергеу барысында полиция жеткізілім көзін анықтап, Алматы облысында марихуана өсіру бойынша фитолабораторияның қызметін тоқтатты. 31 жастағы күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полиция қызметкерлері бөлмедегі пластикалық шелектердегі үш құмыра қарасораны, сондай-ақ қажетті құрылғыларды тауып, тәркіледі: шамдар, жылытқыштар, желдету жүйесі және термометрлер.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тінту кезінде алынған өсімдік қарасора тұқымдасының өсімдігі, заттың жалпы салмағы 2,5 келіден асқан.
Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіковтың айтуынша, қазіргі уақытта есірткіні заңсыз дайындау, ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Химиялық сараптама тағайындалды.