RSS лента

13 жасар террорист ұсталды

  • 13.02.2024, 11:09,
  • 112
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан Телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.


Белгілі болғандай, 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, "Очищение Караганды" деген атаумен өзінің Telegram-арнасын құрған. Осыдан ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан.


Қазіргі уақытта телеграмм-арнасы өшірілді. Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатыстылығы тексерілуде.

Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз беріледі. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Оставить комментарий
Последние новости