Министрліктің мәліметінше, ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталды, нәтижесінде 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірілген.
Бұған дейін бұл қылмыстық топтың 5 мүшесін полиция қызметкерлерімен құрықталған болатын. Қазір олар тергеуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.