RSS лента

Қауіпті топтың 32 мүшесі ұсталды

Автор фото: әлеуметтік желі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысында арнайы операция жүргізіп, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ұйымдасқан топтың 32 мүшесі Қызылорда мен Арал қалаларында жүргізілген операция аясында ұсталды. Бұл туралы Stan.kz жазады.

 

“Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын "жиналыстарда" қабылдап тұрған. Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар”, – делінген хабарламада.

 

Топ мүшелерінің тұрғылықты мекен-жайларынан қарудың бірнеше түрі, "ұрылар кассасының" сметасы, есірткі заттары мен құжаттар тәркіленген.

 

“Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарлары бұғаттады”, – деп қосты ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдері.

Оставить комментарий
Последние новости