Министрліктің хабарлауынша, 22 желтоқсанда “Ақбөкен” жедел алдын алу шарасы шеңберінде Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Toyota Alphard автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан 29 жастағы жолаушыға, көрші шетел азаматына тиесілі 3 жол сөмкесі табылған.
Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байгонов: "Сөмкелерде ақбөкен мүйізі түріндегі 916 дериват, 7,5 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат болды. Болжам бойынша, құқық бұзушы мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге шығын келтірген".
Полиция ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігіне (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына заңсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.