RSS лента

Алматыдағы 13 адам қаза тапқан хостел ЖОО жасалған келісім-шарт тізімінде болмаған

  • 23.01.2024, 11:22,
  • 224
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Бұл туралы брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

"Бұл хостел біздің ЖОО арнайы жасаған келісім-шарттар тізімінде жоқ. Ал келісім-шартқа тұрғандарды міндетті түрде жылына 3 рет тексереміз. Енді үш үлкен бағытта жұмыс істейміз. Біріншісі, талаптарды күшейту, нығайту. Ресми тізімдерге кірген хостелдарға қойлған талаптарды басқа хостелдарға таратудамыз. Екіншіден, жатақхана салуды күшейту керек. Бірнеше механизмдерді айтып өттік. Реконструкцияға нормативті субсидияды көтеріп отырмыз. Жалпы салынып жатқан жатақхана санын да көтеріп жатырмыз. Биыл жеке мердігерлерден 131 өтініш түсті. Соңғы нәрсе, енді ЖОО-на нақты шарттар берілді. Студенттерді қабылдаған кезде кем дегенде 80 %-ын төсек-орынмен қамтамасыз етуі керек. Заңға енген бұл талапты сақтамаған оқу орындарына жаңа лицензиялар, жаңа рұқсатнамалар берілмейді" - деп жауап берді министр.  

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости