«Қазіргі кезде осы өтініштердің барлығын жүйелі түрде пысықталатын міндеттердің бірыңғай пулына жинақтайтын жүйе жұмыс істейді. Бұрынғы деректер ауысты. Адамдар несиелерді бекітілген кестелер бойынша алады. Жаңа шарттар бойынша техникалық жұмыстар аяқталды. Ертеңнен бастап бүкіл республика бойынша тираж ашуды жоспарлап отырмыз», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында. 


Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұрынғы жүйеден алынған тарихи деректерден ауысқан өтінімдер бойынша 1 млрд 800 млн теңгеге өтінім берілген. 


Басқа бағыттар, оның ішінде жаңа техниканы сатып алуды субсидиялау бойынша 18 млрд теңгеге 3 мыңға жуық өтінім берілді, тұқым сатып алу бойынша субсидиялар төленді.