ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов осындай зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Бұл ретте диплом алғаннан кейін түлектердің 1% азы, 39%-ы бітіргеннен кейінгі алғашқы 3 айда, 58%-ы 3 айдан 6 айға дейінгі аралықта жұмыс табады, 2%-ы жұмыс іздеуге 6 айдан астам уақытын жұмсайды.
«Түлектердің 98%-ы бірінші жартыжылдықта жұмыс табатыны қуантады. Бұл өте жақсы көрсеткіш», – деді «Атамекен» ҰКП өкілі.
Азамат Бейсенбенов мамандығы бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіштеріне тоқтала келе, мамандығы бойынша жұмысқа орналасатын түлектердің ең көп саны денсаулық сақтау саласында екенін атап өтті – 69%. Педагогика саласында – 60% жуық, құрылыс саласында – 30,6%. Мамандығы бойынша жұмыс істейтіндер арасында ең төменгі көрсеткіш – ауыл шаруашылығы саласында (19,4%).