RSS лента

"Саяси жүйе реформаланып жатыр"

  • 30.08.2023, 18:24,
  • 325
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Конституцияға соңғы рет енгізілген өзгерістер Ата заңды жетілдіре түсті ме? Бұл ерекшеліктер жаңа Қазақстанның дамуына қаншалықты серпін береді? Конституция күні бұл сұрақтарға  тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Сайполла Сапанов жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Елдің қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданды, оған былтыр өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, - дейді ол. – Оның ішінде маңызды өзгерістер бойынша жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты, жаңа конституциялық реформа арқылы мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқару деңгейі күшейтілді. Жалпы Президенттің конституциялық реформасы бюрократияны азайту, қоғамның саяси сауатын арттыруға бағытталып отыр. Әр азамат саналы түрде өз ісіне өзі жауап беруі керек.  Заңда айқындалған қағидаттарға сәйкес, конституциялық бақылауды жүзеге асыру енді Конституциялық сотқа  жүктеледі. Конституцияға енгізілген өзгерістер мемлекеттің саяси жүйесінің реформалануына әсер етті. Бұл өзгерістерді іске асыру Конституцияға сәйкес құқықтық жүйенің дамуына, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін және елдегі заңдылық режимін нығайтуға, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады. – Еліміздің қолданыстағы Конституциясы терең экономикалық қана емес, саяси өзгерістер жасауға да мүмкіндік берді. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ, өлім жазасына тыйым салынды. Қазақстанның авторитарлық билікке ұласпауының кепілі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ. Сонымен қатар, Ата заң Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Конституциялық заңдылық нормативтік құқықтық актілерді шығару және барлық орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нақты іс-әрекеттер жасауы кезінде Қазақстан Конституциясында тікелей қамтылған немесе одан туындайтын талаптар мен ережелердің қатаң сақталуын білдіреді. Конституциялық нормалар Конституцияда қабылдау қажеттілігі туралы тікелей көрсетілген конституциялық заңдарда, сондай-ақ конституциялық ережелерді дамытуға қабылданған басқа да заңдарда одан әрі дамиды. Осылайша, конституциялық заңдылық барлық қоғамдық өмірдің жүйелік негізі деп айтуға болады. Өйткені, кез-келген саяси және экономикалық шешімдер барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың шенеуніктері, азаматтары мен ұйымдары орындауы керек Нормативтік құқықтық актінің көмегімен жүзеге асырылады. – Әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған Ата заңымызға Индекстеу туралы өзгерістер керек деп санаймын. Яғни, бұл келісім-шарт сомасын, несиені, жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, салымдарды және басқа да тұтыну бағаларының индексіне байланыстыру арқылы инфляциядан қорғау құралы болып  табылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости