Клубтың баспасөз қызметінен білгеніміздей, украиналық жартылай қорғаушы Александр Нойок мансабын «Атырауда» жалғастырады. Ол атыраулық командаға еркін агент ретінде қосылып отыр. Былтырғы маусымды Израильдің «Маккаби Бней-Рейнеде» өткізген болатын. Алайда, 15 ойынға қатысса да, бірде-бір голмен көзге түсе алмаған.
Айта кетейік, Александр – Донецк қаласындағы «Шахтер» клубының тәрбиеленушісі. «Металлург», «Закарпатье», «Металлист», «Динамо Брест», «Динамо Минск», «Рух», «Оренбург», «Аполлон» клубтарында өнер көрсеткен.